Дүйсенбі күні аудан әкімі С.Әлиевтің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы жастар жұмысы жөніндегі кеңес отырыс өтті. Оған кеңес мүшелері, ауылдық округ әкімдері және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты. 

Жиында ауылдық округ әкімдері жастар саясатының жүзеге асырылу барысын баяндап, жастар арасында жұмыссыздықты жою үшін жүйелі жұмыс жасап жатқандарын жеткізді. Ауыл жастары уақыттарын тиімді пайдалану үшін спорттық нысандар ашылғанын айтты. Аудандық білім бөлімінің бас маманы Г.Батырғалиева жасөспірімдер арасында суициалдық іс-әрекеттің алдын алу үшін сауалнамалар жүргізіліп отыратынын мәлімдеді.