29 маусым күні Тасқала ауданында жұмыс сапарымен облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев болып, су жүйелерінің қайта жаңғырту жұмыстардың барысын назарға алды.

Атап айтқанда, Мерей ауылындағы бас мердігер "Құрылыс Газ" ЖШС қолға алған барлығы 23 шақырым және 2-Шежін ауылындағы бас мердігер «БатысСтройСервис» ЖШС қолға алған жалпы 14,6 шақырым құрайтын су құбырларын қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты. Сапар барысында Бағдат Оразалдыұлы, мердігерлермен кездесіп жұмыстарды уақытылы және сапалы бітіру керектігін тілге тиек етті.