14 маусым күні, Тасқала ауданының орталық алаңында, аудан әкімі С.Әлиев қатысуымен, мектеп түлектерінің кеші өтті. Шара барысында, аудан басшысы түлектерді мектеп бітірулерімен құттықтап, алда тұрған ҰБТ-дан жақсы өтіп жоғары оқу орындарға түсіп, білікті маман болуға тілектесті. Сонымен қатар Санжар Жұматайұлы «Алтын белгі» белгісін ақтаған оқушыларға планшеттерді табыстады. Ауданымызда биылғы оқу жылы 2477 оқушы мектеп бітірді. Соның ішініде 650 оқушы «үздік» бағамен тәмамдады. Ал, 11 сыныпты 133 оқушы аяқтаса, оның 113-і ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. Қорытынды аттестаттау нәтижесі бойынша 13 түлек «Алтын белгі» белгісін ақтап шықса, 8 түлек «Үздік аттестат» иегері атанды.