Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында, аудан әкімінің міндетін атқарушы А.Сафималиевтің төрағалық етуімен, аудандық жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі комиссия отырысы өтті. Комиссияға мемлекеттік мекеме басшылары және ауданымыздың такси жүргізушілері қатысты.
Отырыс барысында екі мәселе қарастырылды: аудандық білім бөлімінің және ішкі істер бөлімінің жазғы демалыс уақытында балалардың жол-көліктік травматизмнің алдын алу бойынша атқарылған жұмысы туралы және такси тасымалдаушыларының жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау, профилактикалық жұмыстар жүргізу және жол көлік оқиғаларының алдын алу шараларын ұйымдастыру.
Жиын соңында көтерілген мәселелер талқыланып, тиісті тапсырмалар берілді.