Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында, аудандық мәслихат депутаты Ж.Бисенғалиеваның төрағалық етуімен және аудан әкімінің міндетін атқарушы А.Сафималиевтің қатысуымен Тасқала аудандық мәслихатының кезектен тыс XIIІ сессиясының отырысы өтті.
Күн тәртібі бойынша Тасқала аудандық мәслихатының «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссия құрамына Тасқала ауданының прокуроры М.Изимов пен аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Б.Тасмағамбетовты енгізу туралы мәселелер қарастырылды.
Жиын соңында көтерілген мәселелер талқыланып, бір дауыспен қабылданды.