Бүгін, 7 маусым күні, аудан әкімінің міндетін атқарушы А.Сафималиевтің қатысуымен Тасқала ауданының қоғамдық кеңесінің ХVІ отырысы өтті.
Отырыс барысында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Аудандағы жұмысссыздарды жұмыспен қамту бағдарламаларының 2016 жылы орындалуы туралы» аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі басшысының міндетін атқарушы М.Бармушеваның баяндамасы тыңдалса, «Тасқала ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика нормаларын сақтау мәселесі»  бойынша аудан әкімі аппаратының басшысының міндетін атқарушы А.Ибраева есеп берді. Ал үшінші мәселе Тасқала аудандық мәслихатының «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Л.Тастембековаға сөз берілді.
Отырыста барлық баяндамалар тыңдалы, Қоғамдық кеңес мүшелері көтерілген мәселелерді талқылап дауысқа салып, құптады.