Бүгін, аудандық мәдениет үйінің «Тәуелсіздік» залында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 25- жылдығына орай «Мемлекеттік рәміздер – менің мақтанашым» атты патриоттар форумы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева қатысты.
Шара барысында сөз алған Люция Әсетқызы, жиынға қатысушыларды мерекелерімен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді. Сонымен қатар аудандық жастар саясатына үлес қосып, игі бастамалардың алғы шебінен көріне білген еріктілерге алғыс хаттар табыстады.
Еркін форматта өткен шара барысында, форумға қатысушылар қонақтарға сұрақтарын қойып, әңгімелесті. Сондай-ақ, 6 бірдей мемлекеттік қызметшілері ант қабылдады.
Жиын орталық алаңнан бастап «Азалы ана» мемориалына дейін жүргізілген велошерумен аяқталды.