1 маусым күні Халықаралық балалар күніне байланысты мерекелік шара өтті. Шара барысында аудандық мәдени-демалыс орталығының өнерпаздары жас балғындарға арналған концерттік бағдарламасын ұсынып, ашық аспан астында асфальтқа сурет салу сайысы өтіп жеңімпаздарға сыйлықтар табыс етілді.
Осындай игі істің жалғасын «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігі, аудандық жастармен жұмыс жөнінде ресурстық орталығының ұйымдастыруымен кішкентай бүлдіршіндерімізге балмұздақтар, кондитерлік тәттілер үйлестірілді.