Полиция қызметі - қызығы мен қиындығы араласып жататын, уақытпен санаспай күн-түн жүріп, қажет болса, кеудесін оққа тосып жүретін сала. Биылғы жылы, Қазақстан полициясы 25-жылдығын атап өтуде. Осыған орай, бүгін аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, кәсіби мейрамын атап өтті.
Мерекелік шара аудандық мәдениет үйінде өтті. Шара барысында аудан әкімінің міндетін атқарушы А.Сафималиев барша жиналған қауымды мерекелерімен құттықтап, бірқатар полиция қызметкерлеріне өз атынан алғыс хаттарын табыс етті.
Сонымен қатар, шара барысында Батыс Қазақстан облысының ішкі істер департменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Т.Рахметов, шендері жоғарытылған қызметкерлерге иық белгілерін салтанатты түрде табыстады. Сондай-ақ аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ә.Сары, өз ретінде алғыс хаттарды және ауданымызда жасөспірімдер арасында өткен қазақ күресі жарысының жеңімпаздарына сыйлықтарын табыс етті.
Содан соң, көрермендер полиция және мәдениет үйінің қызметкерлерінің бірлескен концерттерін тамашалды. Концерттік бағдарлама барысында тәртіп сақшылары ән айтып, би билеп өнерлерімен көпшілікті таңғалдырды.