Биылғы жылы, Қазақстан полициясы 25-жылдығын атап өтуде. Осыған орай, бүгін аудандық ішкі істер бөлімінің ғимаратының қабырғасына қызметін атқарып жүріп қылмыскердің қолынан қаза тапқан Сайын Ахметқалиевтің құрметіне мемориалдық тақтасы орнатылды.
Салттанатты шараға Батыс Қазақстан облысының ішкі істер департменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Т.Рахметов, аудан әкімінің міндетін атқарушы А.Сафималиев және Сайын ағамыздың баласы мен қызы қатысты.
Жиын барысында, сөз алған Азамат Сафималиұлы қазақ қоғамында ел үшін еңбек еткен ерлер есімін ұлықтау, үлкенді құрметтеу бабалардан келе жатқан дәстүр екен атап өтті. Өз ретінде, Бахытжан Сайынұлы әкесіне деген құрметі үшін шынайы алғысын білдіріп, еліміздің тыныштығын тіледі.