Бүгін, аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиеваның қатысуымен, аудандық сотының төрағасы А.Дюсингалиевтің төрағалық етуімен «Тасқала аудандық сотымен сотқа дейінгі «дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен реттеу» атты дөңгелек үстел өтті.
Жиында аудандық сотта 2013-2017 жылдары аралығында медиация тәртібімен аяқталған істер бойынша Тасқала аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Ә. Қарекенов мәлімет жасаса, Қоғамдық өмірде медиацияның рөлі туралы Тасқала аудандық әкімінің орынбасары Л. Жубанышкалиева айтты. Сонымен қатар медиация тәртібімен қысқартылған істер жөнінде Тасқала ауылдық округінің кәсіби емес медиаторы Ш.Мусин ақпарат берсе, ал ҮЕҰ-ның өкілдерінің медиация институтын дамуына қосқан үлесі туралы «Тасқала әйелдері» қоғамдық бірлестігінің басшысы В.Завгарина баяндама жасады. Сондай-ақ медиация бойынша атқарылған жұмыстары жөнінде ауылдық округтерінің әкімдері қысқаша ақпарат берді.