30 мамыр күні, аудан әкімі С.Әлиевтің төрағалық етуімен, аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиын барысында табиғи өрт қауіпті кезеңіне дайындық, суға түсу маусымында адам өлімін алдын алу және жаз мезгіліне байланысты  басқа да түрлі мәселелер талқыланды.
Жиын соңында, аудан басшысы судағы қатерлі оқиғалардың алдын алу қажеттігін талқылап, халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін атап көрсетті.