Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тиімді, объективті, жан-жақты және уақтында қаралуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Тасқала ауданының прокуратурасымен аудан әкімдігімен бірлесіп, 24 мамырда аудан орталығынан алыс орналасқан Мереке және Қазақстан ауылдық округтерінде «Бірыңғай қабылдау» акциясы өткізілді.
Осы акция барысында аудан прокуроры М.Е. Изимовпен, аудан әкімінің орынбасары Л.А. Жубанышкалиевамен, жұмыспен қамту, жер қатынастары, ауылшаруашылық, ветеринария, жерге орналастыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары, білім беру саласында уәкілетті органдардың басшыларымен жеке қабылдау жүргізілді.
Сонымен қатар, аудандық орталық аурухана директорының орынбасарымен тұрғандарға дәрігерлік кеңестер берілді.
Осы жеке қабылдауларға 30 тұрғындары жүгініп, ауыз сумен қамтамасыз ету, автомобиль жолдарын жөндеу, ауылшаруашылық тауар өндірушілерді субсидиялау, жұмыспен қамту, өзін-өзі қамтып отырған азаматтарды мемлекеттік бағдарламалар аясында несие беру, еңбек қатынастарына қатысты мәселелері бойынша жүгінді.
Ауыл тұрғандарымен қойылған кейбір мәселелерді шешу мақсатында аудан әкімдігімен және басқа мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп іс-шаралар белгіленді.