23 мамырда Тасқала аудандық әкімдігінің кіші мәжіліс залында, аудан әкімі С.Әлиевтің төрағалық етуімен, Тасқала ауданында ҚР Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен кеңесінің отырысы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссия отырысы өтті.
Жиынға ҚР Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы   іс – қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі  Аманқос Жұбаныш, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Ардақ Изғалиев қатысты.
Жиналыс барысында аудан қонақтары өз баяндамалары барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңының негіздері туралы айтып, сонымен қатар баяндама бойынша бейнероликтерді көрсетті.

Сонымен қатар отырыс кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы кең ауқымды акциялар мен науқандардың өткізілуі туралы  аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы А.Дүйсенова, Ақтау және Мереке ауылдық округтерінің әкімдері О.Насимуллин мен Р.Бермухановтің баяндамалары тыңдалды. Ал кәсіпкерлік саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары бойынша аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Т.Нарушев баяндама жасады.
Шара соңында, мәселелер бойынша аудан басшысы тиісті тапсырмалар берді.