23 мамыр күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының басшысы М.Мырзаштың төрағалығымен «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу бойынша пилоттық жобаны қолданысқа енгізу жөнінде жиын өтті.
Оған ауылдық округ әкімдері мен мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандар, халыққа қызмет көрсету орталығы департаментінің Тасқала ауданы бойынша бөлім басшысының м.а. С.Мәмбетова қатысты.
Күн тәртібінде тұрғындардың «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу мәселесі бойынша С.Мәмбетова жиналғандарға түсіндіріп, қойылған сұрақтарға нақты және толық жауаптар берді.
Тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасының жақсарғанын және оны қалай алуға болатыны туралы тілге тиек етті.