25-27 мамыр аралығында облыс орталығы Орал қаласында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рəміздерінің 25-жылдығына жəне Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілер күніне арналған облыстық спартакиада өтті.
Жарыстарға Тасқала ауданының мемлекеттік қызметшілері қатысып, жақсы өнер көрсетті. Нәтижесінде жалпыкомандалық нəтижесі бойынша, Тасқала ауданының командасы лайықты 5 орынға табан тіреді.