19 мамыр күні Балалармен мектептен тыс жұмыс орталығында, аудан әкімі орынбасары Л.Жұбанышқалиеваның төрағалық етуімен кәмелетке толмаған балалар арасында  құқықбұзушылықтың алдын алу және жазғы демалысты тиімді ұйымдастыру жұмыстары бойынша кеңейтілген кеңес отырысы өтті.
Отырыс барысында 2017 жылғы балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, білім беру ұйымдарындағы қолайсыз отбасылармен жүргізілген жұмыстар туралы, 2016 жылы кәмелетке толмаған жасөспірімдер және жастар арасындағы құқық бұзушылықпен күрес және жазғы демалыс уақытында балалар жарақатының алдын алудың қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру, жазғы демалыс уақытында балалар денсаулығын шынықтыру – салауатты өмір салтын ұстанудың басты бағытын түсіндіру секілді мәселелер талқыланды. Сонымен қатар білім беру ұйымдарында жазғы демалысты ұйымдастыру барысында жұқпалы аурулардың (жіті ішек жұқпасы, іш сүзегі, сальмонеллез, А-вирусты гепатит) алдын алу шараларымен және оған қойылатын нормативтік құжаттар талаптарымен таныстыру жүргізілді.
Жиын соңында Люция Әсетқызы көтерілген мәселелерді талқылап, тиісті шаралар қабылдауын қатаң тапсырды.