20 мамыр күні «Жастар» спорт аланында, Қазақстан Республикасының полициясына 25 жылдығына орай Тасқала ауданының мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өткізілді. Жарысқа ауылдық округтері, аудан әкімі аппараты, дербес бөлімдер, ішкі істер бөлімі және аудандық төтенше жағдай бөлімі қатысты. Спартакиада нәтежесінде 60 метрге жүгіруден 1 орынға Иргалиева Гульнара (Ақтау ауылдық округі) ие болса, 2 орынды Тілеген Данара (ІІБ) жеңіп алды. Ал 3 орынға  Галиева Саягуль (Тасқала ауылдық округі) табан тіреді. 100 метрге жүгіруден 1 орынды Темірбай Қаирбек (ІІБ) жеңіп алса, 2 орынға Ишмухамбетов Есбол (аудан әкім аппараты) табан тіреді. 3 орын - Сарсенбаев Ержан (төтенше жағдайлар бөлімі).
3000 метрге жүгіруден 1 орынды Мукашев Бекежан (аудан әкім аппараты) жеңіп алса, 2 орынды Ахметов Берик (ІІБ), 3 орын - Кусайнов Алтынбек (төтенше жағдайлар бөлімі).  Шағын футболдан 1 орын - аудан әкім аппараты, 2 орын - ІІБ, 3 орын - төтенше жағдайлар бөлімі. Гір тасын көтеру (70 келіге дейін) 1 орын Кусайнов Алтынбек (ІІБ), 2 орын Мукашев Бекежан (аудан әкім аппараты), 3 орын Кубаев Бахтияр (ІІБ).
70 келіден жоғары 1 орын Ишмухамбетов Есбол (аудан әкім аппараты), 2 орын Жалмухамбетов Еркебулан (ІІБ), 3 орын Калиев Жомарт (Тасқала ауылдық округі).  Үстел теннисі - 1 орын Галиева Саягуль (Тасқала ауылдық округі), 2 орын Хабенова Алтынгуль (Қосшы ауылдық округі), 3 орын Иргалиева Гульнара (Ақтау ауылдық округі).  1 орын Мукаев Роман (статистика басқармасы), 2 орын Кабылгалиев Муталип (Қосшы ауылдық округі), 3 орын Турганалиев Ганжа (ІІБ).