19 мамыр күні ауданымызға Қазақстан Республикасының Халық əртісі, қазақтың ерке қызы Мақпал Жүнісова жəне әнші Нұрболат Абдуллин келіп, аудандық мәдениет үйінде концерттік бағдарламаларын ұсынды.
Жоғары деңгейде өткен шара соңында, аудан әкімі С.Әлиев аудан қонақтарына алғысын айтып, шағын сыйлықтарды табыс етті, ал Мақпал Мұхамедиярқызы өз ретінде аудан басшылығы мен тұрғындарына ризашылығын білдірді.