17 мамыр күні Тасқала ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында, аудандық мәслихат депутаты Г.Кенжешеваның төрағалық етуімен, аудан әкімі С.Әлиевтің қатысуымен аудандық мәслихатының кезекті ХII  сессиясы өтті.
Сессияның күн тәртібі бойынша келесі мәселелер қарастырылды:
2016 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуының жылдық есебін бекіту туралы, Тасқала  аудандық  мәслихатының  «Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы, Тасқала аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы, «Тасқала ауданы бойынша әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы» әкімдік қаулысы жобасына келісім беру туралы, аудандық  мәслихаттың  «Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша аудандық ведомоствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, аудандық  мәслихаттың  кезекті  ХIII сессиясының  төрағасын сайлау  туралы.
Сонымен қатар ауданымыздың тұрғындары, Жұбанышев Арон Қажығалиұлы мен Хисметдинов Ғалым Ғаниұлына Тасқала ауданының құрметті азаматы атағылары берілді.
Жиналыс барысында көтерілген мәселелер бойынша баяндамалар тыңдалып, бір дауыспен қабылданды.