Бүгін Тасқала ауданында жұмыс сапарымен облыс әкімі А.Көлгінов болып, құрылыс объектілерімен танысты.
Сапары барысында өңір басшысы Мерей ауылындағы бас мердігер "Құрылыс Газ" ЖШС қолға алған барлығы 23 шақырымды құрайтын және 2-Шежін ауылындағы бас мердігер «БатысСтройСервис» ЖШС қолға алған жалпы 14,6 км. су құбырларын қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты.
Сонымен қатар, күрделі жөндеуден өткен Шежін ауылдық орта мектебі және осы ауылда жаңадан салынған шағын спорт алаңдарда болды.
Сондай-ақ аудан орталығында Жеңіс көшесінің жолында жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары мен күрделі жөндеуден өтіп жатқан «Шұғыла» лагерінде болды.
Атап айтқанда, биыл Жеңіс және Чурилина көшелерінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Екі объектілердің бас мердігері - «Асфа» ЖШС. Мекеме басшысы Иван Енютиннің сөзіне қарағанда, жұмыстар белгіленген мерзімнен тыс бітіріледі.