Ағымдағы жылдың 16 мамырында «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігі және Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Амангелді ауылдық округінде ашық аспан астында  «Бард» әндерінен жастар арасында фестиваль өтті.
Фестивальға ауылдық окугтерден талантты жастар қатысып, қорытындысы бойынша бірінші орынға Мереке ауылдық округінен Қайырғалиев Нұрдәулет, екінші орынға Достық ауылдық округінен Шанимов Ербол ие болса, ал үшінші орынға Амангелді ауылдық округінен Кумыскалиев Ерлан ие болды.
Шара соңында жазғы спорттық ойын түрлерінен сайыс өткізіліп, қортындысы бойынша бірінші орынға Мерей ауылдық округінен Кульмалиев Аязбек және екінші орынға Хасанов Рахат, үшінші орынды Қосшы ауылдық округінен Аманғалиева Камила иеленді.