9 мамыр күні, Жеңіс күніне орай, Тасқала ауданында мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Қасиетті мейрам Отан үшін отқа оранып, жанын құрбан еткен, ерліктері жүректен мәңгілік өшпес қаһармандардың естелігі – «Мәңгілік полк» маршымен басталды.
Аудан әкімі С.Әлиев бастаған полк, Абай алаңынан «Азалы ана» мемориалына дейін жүріп, монументке гүл шоқтарын қойды.

Содан кейін мерекелік шаралар «Жастар» стадионында жалғасты. Алаңда мәдениет үйінің қызметкерлер мен мектеп оқушыларының бірігіп ұйымдастырылған концертік бағдарламалар мен театрыландырылған көрмелер ұсынылды.