Бүгін Тасқала аудандық мәдениет үйінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 25-жылдығы мерекесіне орай «Ер-елінің қорғаны» атты мерекелік шара өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары А.Сафималиев қатысып, жиналған қауымды шын жүректен құттықтады. Сонымен қатар шара барысында, мәдениет қызметкерлері мен мектеп оқушылары өз өнерлерін ұсынды.
1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның Қарулы күштерін құру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл күн еліміз үшін елеулі мерекеге айналды.