Бүгін облыс орталығы Орал қаласы М.Ыхсанов көшесі бойында, Тасқала және Бөкейорда аудандарының күні өтті. Мерекелік шара барысында қос аудан ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесін ұйымдастырды. Тасқала ауданының тоғыз ауыл округінің шаруалары өздері шығарған өнімдерді қала халқына тиімді бағада ұсынды. Жәрмеңкеде ет өнімдері, шұжық, сүт өнімдері мен бал, сондай-ақ, жеміс пен көкөністің түр-түрі ұсынылды.
Сонымен қатар мерекеге орай безендірілген алаңда аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері қойған концерттік бағдарламаға ұласты. Сондай-ақ шара барысында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, қанат тарту, қой көтеру, гір көтеру, қол күресі және қазақ күресі бойынша жарыстар өтті. Спорттық додаларға қатысам деген спортшылар саны аз болмады.
Жарыс соңында барлық жеңіпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.