Бүгін Тасқала ауданының орталық аңында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мерекелік шара өтті. Шара барысында сөз алған аудан әкімінің орынбасары А.Сафималиев, жиналған тұрғындарды мерекемен шын жүректен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді.
Сонымен қатар алаңда елімізде тұратын ұлт өкілдерінің көрмесі ұйымдастырылып, аудан қонақтарымыз бен тұрғындарына ұлттық тағамдары ұсынылды, ал мәдениет үйінің қызметкерлері өз өнерлерін көрсетті.