Тасқала ауданында 12 сәуірден бастап 12 мамырға дейін елді-мекендерін абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау және санитарлық-экологиялық айлығы өтуде.
Осыған орай бүгін, яғни сәуірдің 27 күні, аудандық дербес бөлімдер және мемлекеттік мекемелер қызметкерлері, мектеп оқушылары мен колледж студенттері бір адамдай жұмылып «Таза бейсенбі» акциясын өткізді.
Акция барысында аймақтар мен бос жатқан жерлерді, өзен жағалауы, саябақтар, көшелер мен аумақтарды, сондай-ақ тұрғын үйлердің арасындағы аумақтарды санитарылық тазарту жұмыстары жүргізілді.
Атап айтсақ, 22 сәуір күні, «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» республикалық акциясы өтті. Акция барысында Абай көшесі бойынша және «Тұңғыш Президент» атындағы орталық саябағында жалпы 120 жуық ағаш отырғызылды.