26 сәуір күні Тасқала аудандық мәдениет үйнің жанындағы спортзалында, аудандық БЖСМ және «Намыс» жастар қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен, 1 мамыр – Қазақстан Халқының бірлігі күні мен 7 мамыр – Қазақстан қарулы күштерінің 25-жылдығына орай, қол күрестен 2000 жылы дүниеге келген және одан кіші ұлдар мен қыздар арасында Тасқала ауданының ашық біріншілігі өтті. Орал қаласы, Қаратөбе және Тасқала аудандары, 2-Шежін ауылы, С.Жақсығұлов атындағы орта мектебі, Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебі, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі және аудандық БЖСМ-і, барлығы 54 спортшы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, медальдар мен дипломдар табысталды.