Биыл Елбасы өз Жолдауында қазақстандықтарға бірқатар тапсырмалар жүктеген болатын. Соның бірі - сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету.
Осыған орай бүгін Тасқала мәдениет үйінің алаңында «Парасыз болашаққа, Бірге!» атты форум өтті. Форум барысында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева, сыбайлас жемқорлықтың біздің Тәуелсіз елімізде орын жоқ екенін және мемлекет тарапынан алдын алу шараларын жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар, шара барысында мектеп оқушылары, колледж стунедттері және мемлекеттік қызметінде жұмыс атқарып жүрген аудан жастарының қатысуымен флешмоб ұйымдастырылды. Флешмобқа барлығы 380-ге жуық адам қатысты.