22 сəуір күні 2-Шежін ауылында, Шежін ауылдық округ әкімдігінің қолдауымен, аудандық аудандық БЖСМ-нің ұйымдастыруымен және демеушілердің қаржылай көмегімен спорт ардагері Серік Болатовті еске алуға арналған волейболдан аудан біріншілігі өтті. Тартысты да, қызықты өткен жарысқа 8 команда қатысты.
Барлық командалар жарысқа жақсы дайындықпен келіп, жеңіске деген құштарлықтарымен ерекшеленді. Сайыс қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Күш-жігерімен өткен әдемі ойында 3 орынды Мереке ауылы жеңіп 50 мың теңге сыйақысына иеленсе, 2 орынды - 2-Шежін ауылы иеленді (70 мың теңге), ал біріншілікті жеңімпазы болып Қосшы ауылы атанды (100 мың тг).
Сонымен қатар жарыстың ең үздік ойыншысы болып Арнур Дуюнбаев (Қосшы ауылдық округі) атанса, ең үздік қорғаушысы болып Ерлан Қонысқалиев (Амангелді ауылдық округі) танылды. Ең үздік шабуылшысы болып Илияс Табылдиев (Мереке ауылдық округі) атанса, ал турнирдің ең үздік байлыныстырушысы болып Серік Кәрімов (Ақтау ауылдық округі) танылды.
Қанжығаларына байлап жəне тиісті дəрежідегі медальдары мен кубоктар берілді. Жалып ойын өте тартысты өтіп ең үздік өнерлерін көрсеткен ойыншыларда құр қалмай номинация кубогтарымен марапатталды.