24 сәуір күні Тасқала аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының басышысы М.Мырзаштің төрағалық етуімен Тасқала ауданының жергілікті атқарушы органдары арасында мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын арттыру бойынша семинар-кеңес өтті.
Семинардің күн тәртібі бойынша 2016 жыл мен 2017 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасы және тоқсандық есеп тапсырудың кейбір мәселелері, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің проблемалық секілді мәселелер талқыланды.
Жиын соңында баяндамалар тыңдалып, қатысушылар өз пікір-ойларын ортаға салды. Сондай-ақ жиналыста көтерілген мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар берілді.