24 сәуір күні Тасқала аудандық әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары А.Сафималиевтің төрағалық етуімен ауданы бойынша тіркелген кәсіби емес медиаторлардың есеп беру кездесуі өтті. Жиналысқа облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» МКМ жанындағы медиация кабинетінің меңгерушісі Т.Италиева, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» МКМ медиатор маманы Р.Аристангалиева, аудандық әділет басқармасының басшысы Д.Махашева және аудандық сотының кеңсе менгерушісі Ә.Қарекенов қатысты.
Жиын барысында аудан бойынша медация саласында 2016 жылы және 2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары талқыланды.
Қазіргі таңда дауларды балама тәсілдермен шешудің тиімділігін арттыру мақсатында «Медиация туралы» Заң қабылданған соң, әлемнің дамыған елдерінің тәжірибесі негізінде азаматтар арасындағы даулар сотқа дейін медиация жолымен шешімін табуда.