Бүгін, яғни сәуірдің 24 күні Тасқала аудандық орталық ауруханасында және Ақтау ауылдық округінің мәдениет үйінде, аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиеваның төрағалық етуімен, Медициналық қызмет ақы төлеу Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының бас маманы, медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу бойынша өңірлік штабтың мүшесі Б.Темиргалиева қатысуымен ағымдағы жылдың шілде айынан бастап, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 80 қадамы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізу туралы жиналыстар өтті.
Жиын барысында Балжан Сабырқызы сақтандыру жүйесінің негізгі бағыттары туралы баяндап берді. Сонымен қатар жиналыс қатысушылары өз сұрақтарын қойып тұшымды жауаптарын алды.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында сақтандырылған азаматтарға жоғарғы технологиялық медициналық қызметтер, стационарды алмастыратын технологиялар, ұзақ мерзімді мейіргерлік күтім, амбулаторлық дәрілермен қамсыздандырылған амбулаторлық-емханалық көмек көрсетілетін болады. Сонымен бірге, ерікті сақтандыру қатысушылары медициналық сақтандыру жүйесінде қарастырылмаған медициналық көмекті алу үшін жеке сақтандыру компанияларымен келісім шартқа отыра алады.