Бүгін Тасқала ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі С.Әлиевтің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын түсіндіру және іске асыру жөніндегі аудан активінің жиналысы өтті.
Жиналысқа М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Ж.Жақсығалиев, аудандық мәслихат  депутаттары, аудандық  бөлімдер мен мекеме басшылары, ауылдық округ  әкімдері, ардагерлер және саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың,  көшбасшы жастар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Шара барысында Елбасының  мақаласын түсіндіру және іске асыру жөніндегі шаралар туралы мәселесі талқыланды.