Елбасы Н.Назарбаевтің бекіткен 100 нақты қадам Ұлт жоспары шеңберінде соның ішінде 15 қадамына сәйкес елімізде 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында «Б» корпусына кіретін мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді комплексті аттестациядан өткізу жоспарланған болатын.
Осыған орай Тасқала ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында 14, 17 және 18 сәуір күндері "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттаудың үшінші кезеңіне сәйкес әңгімелесулер өткізіліп жатыр.
Атап айтқанда, аттестаттауға барлық мемлекеттік қызметшілер қатысуы тиіс, бірақ "емтиханнан" "А" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілері және кадр резервінде тұрған "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілері, жүктілік пен босануға, бала күтіміне байланысты демалыстағы қызметкерлер, жүкті әйелдер, үш жасқа дейін бар әйел адамдар, 14 жасқа дейін және 18 жасқа дейін мүгедек баланы тәрбиелеп отырған жалғыз басты аналар, сонымен қатар мемлекеттік қызметке алғашқы рет келген қызметкерлер босатылады.
2016 жылдың 30 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу туралы Жарлығына қол қойған болатын. Жарлыққа сәйкес, республика бойынша аттестаттауды барлығы 65 мың адам өтеді, оның ішінде 58 мыңы - өңірлерде.