Бүгін, яғни сәуірдің 21 күні, «Сәулет» мектеп-лицейі мен аудандық мәдениет үйінде Тасқала ауданы бойынша облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау  жүйесі - Қазтест бойынша диагностикалық және сертификаттық тесттер өтті.
Тестілеуге ауданның мемлекеттік қызметшілері мен бюджеттік саланың қызметкерлері арасынан барлығы 550 адам қатысты. Тест тапсырушыларға Қазтест жүйесінің маңыздылығы және тест тапсыру тәртібімен Батыс Қазақстан облыстық Тілдерді дамыту басқармасы ономастикалық жұмыстар және көрнекі ақпараттарды бақылау бөлімінің басшысы Гүлнәр Әлжанова таныстырды. Жалпы тестілеуде 150 сұрақтан тұратын тыңдалым, лексика-грамматикалық бөлім, оқылым бөліктері қамтылды.