15 сәуір күні, мәдениет үйінің фойесінде аудан әкімі С.Әлиев, аудан әкімінің орынбасарылары мен дербес бөлім және мемлекеттік мекеме басшылары «Ашық әкімдік» акция аясында бірыңғай қоғамдық қабылдау өткізді.
Акция аясында аудан тұрғындары өздерін толғандырып жүрген сұрақтарды ортаға салса, аудан басшылығы мен бөлім басшылары өз ретінде қаперіне алып жұмыстанатынын айтты. Атап айтқанда, мал жайылымы, жеке кәсіпкерлікті дамыту, жол, денсаулық сақтау. Сонымен қатар жұмысқа орналасу секілді мәселелер көтерілді.