15 сәуір күні «ЕХРО -2017» көрмесіне орай жəне Тасқала аудан əкімінің кубогі үшін волейболдан ерлер арасында Тасқала ауданының біріншілігі өткізілді.
Жарысқа Тасқала Колледжі, Ауданның өрт сөндіру бөлімі, Қазақстан, Амангелді, Мерей, 2-Шежін, Ақтау, Қосшы, Достық ауылдық округтерінен командалар қатысты. Ойындар Қ.Сəтбаев атындағы ЖОББМ, Тасқала колледжі жəне Аудандық мəдениет демалыс орталығының спорт залдарында өткізілді.
Жарыс нәтижесінде І орынға - Қосшы ауылдық округі, ІІ орынға - ІІ-Шежін ауылдық округі, ІІІ орынға - Амангелді ауылдық округі ие болды. Номинация бойынша «Үздік ойыншы» Жумашев Берік (ІІ-Шежін ауылдық округі). «Үздік қорғаушы» Айсултан Төлегенов (Амангелді ауылдық округі). «Үздік байланыстырушы» Мақсот Дарменов (Амангелді ауылдық округі). «Үздік шабуылшы» болып Ақжол Нигметуллин (Қосшы ауылдық округі) иеленді.
Жарыстың жеңімпаздары дипломдармен, медальдармен жəне естелік сыйлықтарымен мараппаталды.