Бүгін Тасқала ауданы әкімдігі ғимаратының кіші мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Б.Ирменов аудан тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді.
Қабылдауға 5 адам қатысып, өз сұрақтарын қойды. Бейбіт Мұтиғоллаұлы сұрақтарға тұшымды жауаптарын беріп, кейбіреуін қаперіне алып жұмыстанатынын жеткізді.