12 сәуір  күні «Иманды жас – ел келешегі» тақырыбында Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп оқушыларымен кездесу өтті.
Кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ж.Аспандьярова, аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Б.Ибрашев қатысып түсінік берді.
Кездесу барысында «Қарапайым мұсылман мен теріс ағымдағы адасушының келбеті» атты шағын бейнефильм көрсетіліп, қойылған сауалдарға жауаптар берілді.