11 сәуір күні аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиеваның төрағалық етуімен Тасқала аудандық үлкен мәжіліс залында екі бірдей жиналыс өтті.
Бірінші жиналыста барысында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер туралы» Заңына енгізілген өзгерістерді, мемлекеттік рәміздерді қолдануға қатысты жаңа нормаларды түсіндіруге арналған облыстық түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен өтетін семинар кеңесінің отырысы өтті.
Отырысқа техникалық реттеу және метрология Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Ж.Тығынбаев, облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Г.Аргенова қатысты.
Жиын барысында Люция Әсетқызы қазіргі таңда «Мемлекеттік рәміздерді құр­меттеу – әрбір азаматтың мін­деті екенін атап өтті.
- Аудан бойынша барлық мемлекеттік органдар мемлекеттік  рәміздермен қамтамасыз етілген. 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін Мемлекеттік  Елтаңбаны жаңа стандартқа сай ауыстыру көзделіп отыр, - деді Л.Жұбанышқалиева.
Екініші жиналыста Астана қаласында өтетін EXPO-2017 Халықаралық көрмесі  туралы  түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатындаоблыстық ақпараттық түсіндіру тобының Тасқала ауданының тұрғындарымен кездесуі жүргізілді.
Бұл жиынға Батыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының бас маманы Е.Адиев, «Гермес Тур» агенттігінің өкілі Ә.Ізімғали қатысты.
Жиналыс барысында арнайы шақырылған қонақтар жиынға қатысушыларға «EXPO-2017» Халықаралық көрмесі туралы және өтетін кезде қатысушыларға қандай жағдайлар жасалғанын кеңінен түсіндірді.
Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы 2050: Бір мақсат, Бір мүдде, Бір болашақ» атты Жолдауында тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихына енетін 10 креативтік идеяны анықтады. Соның ішінде: «Энергетикада – ЭКСПО – 2017-ге дайындық барысында Астана болашақтың энергиясы мен жасыл экономиканы іздеу мен құру жөніндегі озық әлемдік тәжірбиені зерттейтін және енгізетін орталыққа айналды.