11 сәуір күні аудан әкімі С.Әлиевтің төрағалық етуімен Тасқала ауданында ауылшаруашылығы саласына субсидия төлеудің жаңадан қабылданған ережелерін  және несие беру туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ауылдық округ әкімдерінің, ауылшаруашылық құрылым  басшыларының  қатысуымен семинар-кеңесі өтті.
Кеңес барысында бір мәселе қаралды: Ауыл шаруашылығы саласына субсидия төлеудің жаңадан қабылданған ережелерін  және несие беру туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Жиын барысында мал шаруашылығындағы субсидия төлену ережелерін және ауылдық өндірістік кооператив құру  жұмыстарын жүргізу туралы түсінік беру үшін БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығы бөлімінің басшысы А.Есполовтің баяндамасы тыңдалса, ауылшаруашылық саласына несие беру ережелерімен «Аграрлық несие қорпорациясы» АҚ БҚО филиалы директорының орынбасары М.Абдулов таныстырды. Ал «Кұрғақшылыққа қарсы жұмыстарын ұйымдастыру туралы» «Байер КАЗ» ЖШС-гің өңірлік өкілі, ауылшаруашылық ғылымының кандидаты А.Нугманов баяндама жасады.
Сонымен қатар ауылшаруашық саласына несие беру ережелерімен таныстрыу үшін «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ БҚО филиалының несие бөлімінің басшысы А.Ахметовтің сөзі тыңдалса, өсімдік шаруашылығындағы субсидия төлену ережелерін түсіндіру үшін БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының механизация, мемлекетік инспекция және ауылшаруашылығы өнімін өңдеу бөлімінің басшысы Б.Ситказиев өз баяндамасын жасады.
Сонымен қатар «Даму кәсіпкерлік дамыту қоры» АК-нің БҚО бойынша аймақтық филиалының бас менеджері Р.Кусманов пен «КазАгроҚаржы БҚО филиалының жетекші маманы Б.Джазбаевқа да сөз берілді.
Жиын соңында жиналысқа қатысушылар өз сұрақтарын қойып тұшымды жауаптарын алды.
2015 жылы аудан бойынша 6 ауылдық округте 9 ауылдық тұқымдық түрлендіру мақсатында тұтыну кооператив ашылды, 2016 жылы 8 АТК Әділет басқармасында қайта тіркеуден өтті. 2016 жылдың аяғында тағы бір ауылдық өндірістік кооператив ашылды.