11 сәуірде «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігі мен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Алаш» партиясының құрылғанына биыл 100 жыл толуына орай аудандық кітапхана ғимаратында тарихшылардың бастамасымен Тасқала колледжі студенттері аудан жастары бас қосқан дөңгелек үстел өтті.
Отырыс барысында Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББ мектебінің тарихшысы Т.Ажгалиев «Алаш» партиясы жөнінде қатысушы жастарға толық мәлімет беріп тақырыпқа сай видео ролик көрсетілді. Дөңгелек үстелге қатысушы жастарымыз келген қонақтарымызға өздерінің көңіліндегі сұрақтарын қойып, көңілге қонымды жауаптарын алды.