7 сәуір күні Тасқала аудандық мәдениет үйінің жанындағы спорт залында 6-8 сынып оқушылар (ұлдар) арасында баскетболдан балалар жасөспірімдер спорт мектебінің біріншілігі өтті.
Бұл жарыста 8 команда бақтарын сынады. Тартысты бәсекеде командалар бар шеберліктерін көрсетті. Шабуыл жасалып, қорғанысқа да шыққан ұлдар өз командалары үшін аянып қалмады.
Қызу тартысты өткен жарыстың нәтижесінде БЖСМ командасы 1- орынды иеленді. «Сәулет» мектеп-лицей командасы 2-орынды алса, С.Жақсығұлов атындағы орта мектебінің командасы 3-орынға табан тіреді. Сонымен қатар жарыстың «Ең үздік қорғаушы» атағына Никита Бойко (С.Жақсығұлов атындағы орта мектебі) иеленсе, «Ең үздік шабуылшысы» болып Бахтияр Асқар («Сәулет» мектеп-лицейі) атанды. Ал «Ең үздік ойыншысы» болып Дияс Әліпқалиев (БЖСМ) танылды.
Сондай-ақ жүлделі орынға ие болған командалар маусым айында өтетін облыс жарысына жолдама алды.