8 сәуір күні Тасқала аудандық мәдениет үйінің жанындағы спорт залында волейболдан жасөспірім қыздар арасында Тасқала аудандық БЖСМ біріншілігі өтті. Жарысқа жалпы 5 команда қатысып, нәтижесінде жүлделі 3 орынға Амангелді ауылдық округі командасы иеленсе, 2 орынды «Сәулет» мектеп-лицейі командасы табан тіреді. Ал 1 орынды БЖСМ-бі жеңіп алды.
Сонымен қатар жарыс барысында мықты ойын көрсете білген спортшылар номинацияларға ие болды. Атап айтқанда «Үздік ойыншы» номинация бойынша Дильназ Есекенова (БЖСМ) және Әдемі Андамасова (Ы.Алтынсарин мектебі) атанса, «Үздік шабуылшы» болып Дана Муфтиева (БЖСМ) және Танзиля Максутова («Сәулет» мектеп-лицейі) танылды. Ал «Үздік байланстырушысы» болып Валерия Дробязко (БЖСМ) мен Ранида Тлесова (Кузнецово ауылдық мектебі) атанды. Жарыстың «Үздік қорғаушысы» болып Алтын Ижанова (БЖСМ) мен Камила Шарипова (Амангелді ауылдық округі) атағына ие болды.
Сондай-ақ «Жеңіске деген құштарлығы үшін» номинация бойынша Инабат Жеңіс (БЖСМ) және Александра Панасик (БЖСМ) жеңімпаз атанды.