Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап Елімізде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 80 қадамы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылып енгізіледі. Осыған орай 6 сәуір күні, Тасқала аудандық әкімшілігінің кіші мәжіліс залында, аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева бөлім және мекеме басшыларымен жиналыс өткізді.
Жиын барысында Люция Әсетқызы жаңа реформа кезең-кезеңмен іске асырылатынын еске салды.
- Алдымен арнайы әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры құрылады. Содын соң ол қорға жұмыс беруші мекеме өз қызметкерлері үшін ай сайын  жарна аударады. Ал 2017 жылдан кейін жұмыскерлердің өздері де жарна төлеуге кіріседі. 
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру дегеніміз — бұл халықтың денсаулығын сақтау саласындағы мүдделерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі. Жүйеге қатысушылардың уақытылы, қолжетімді, сапалы медициналық және дәрі-дәрмектік көмек ұсыну қамтамасыз етіледі.