Қазіргі таңда діни орта мен жас­тар арасында діни экстремизм көріністерінің алдын алу және жергілікті тұрғындардың діни сауаттылығын арттырудың маңыздылығын ескере отырып, ауданда ақпараттық-түсіндіру  шаралар жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Атап айтқанда, бүгін, яғни сәуірдің 6 күні, Тасқала аудандық әкімшілігнің үлкен мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиеваның төрағалық етуімен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында өтетін  кеңейтілген кеңес отырысы өтті. Отырыс жұмысына облыстық Дін істері басқармасының бөлім басшысы Саялбек Ғиззатов, облыстық Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің теологы  Наурыз Убаев, Тасқала  ауданының   прокуроры Мейірхан Изимов арнайы шақырылды.
Жиналыс барысында облыстық ақпараттық- түсіндіру тобы жиналған қауымға Ислам дінінің, ата-бабамыздың ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан дін саласының құндылықтары туралы әңгімелеп, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап береді.
Сонымен қатар, облыстық ақпараттық- түсіндіру тобы «Сәулет» мектеп-лицейінің оқушылары мен Тасқала аудандық колледж студенттерімен, сондай-ақ аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері мен аудандық мешітінде діндар  азаматтармен кездесулер жүргізді.