Бүгін Тасқала аудандық әкімшілігінің кіші мәжіліс залында, аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиеваның төрағалық етуімен аудан әкімдігі жанындағы жастар жұмысы жөніндегі кеңесінің отырысы өтті. Шараға кеңес мүшелері, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының  қызметкерлері және ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім, мекеме басшылары қатысты.
Жиын барысында 2016 жылы кәмелетке толмаған жасөспірімдер және жастар арасындағы құқық бұзушылықпен күрес және алдын-алу шараларының орындалуы туралы жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Е.Есентаевтің баяндамасы тыңдалсы, Ақтау, Амангелді, Достық ауылдық округ әкімдері жастар саясатының жүзеге асырылу барысы туралы өз есептерін берді.