6 сәуір «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігі мен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ХҚКО ғимаратында Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Сау болу оңай» акциясы өтті.
Акция барысында аудандық аурухана қызметкерлері ауыл тұрғындарының, бойын,салмағын өлшеп, қан құрамындағы қанттың, холестериннің мөлшерін анықтады. Сонымен қатар бүгінгі таңда жиі кездесетін гипертониялық аурулардың алдын алу мақсатында тұрғындардың қан қысымын өлшеп, медициналық кеңес берді.