Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі  күнтізбе  бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Көне парсы тілінде нава –жаңа, рәзаңһ -күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но-жаңа, роуз-күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді.
Осы аталған мейрамды 1 сәуір күні Ресей Федерациясының Саратов облысы Ершов ауданының тұрғындары да тойлады. Мерекелік шараларға облыс әкімі А.Көлгінов бастаған арнайы Батыс-Қазақстан облысының делегациясы қатысты.
Наурыз мейрамына Саратов облысындағы қазақ ұлтының өкілдері барынша көбірек келіп, бір-бірімен құшақтаса көрісіп, ұлттық салт-дәстүр мен өнерімізді қадірлеп, қастерлейтінін көрсетті. Жалпы, Ершов ауданында 37 мың халық тұрса, соның 4 мыңы - қазақтар.
Шара барысында орталық алаңдағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің құрметіне мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылып, бір минут үнсіздікпен еске алынды. Сосын өңір басшылары орталық алаңда ұйымдастырылған концерттік бағдарламаны тамашалады.
Содаң кейін БҚО әкімі Алтай Көлгінов пен Саратов облысының вице-губернаторы Игорь Пивоваров орталық алаңда ұйымдастырылған сауда-өнеркәсіптік жәрмеңке және көрмелермен танысып, тігілген киіз үйлерді аралап наурыз көже мен басқа да ұлттық тағамдардан дәм татты.
Дала жақта өткен шаралардаң соң, Алтай Сейдірұлы мен Игорь Иванович аудандық мәдениет үйінде ресейлік және қазақстандық әрнтістердің бірлесіп ұйымдастырылған концертін тамашалады.
Шара барысында сөз алған облыс әкімі А.Көлгінов, Наурыз мейрамның екі мемлекеттің біріктіретін рөлін атап өтті.